«Данель» медициналық мекемесі 2018 жылдап бері қалыптасқан әдемі дәстүрін одан әрі жалғастыруда. Жұмыс істеу барысында ерең еңбек етіп, жақсы көрсеткіштер көрсеткендері, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқандары үшін ағымдағы жылдың маусым айында 4 қызметкерді қасиетті, киелі мекен – Түркістан қаласына сапарға жіберді.
Бұл құнды дәстүр 2019 жылы медициналық мекеменің 25-жылдығына орай Түркия мемлекетіне 2 қызметкерді жолдама арқылы жіберуден басталды. 2021 жылы педиатрия бөлімшесінің 3 маманы Бурабай көркем өлкесіне жіберілді.
«Данель» медициналық мекемесі өз мамандарын жоғары бағалай отырып, дәстүрге айналған игі ісін жылдан жылға жалғастырмақ.